RU
Қорылдап ұйықтап жатқан отандық тележүргізуші жұртты күлкіге қарық қылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қорылдап ұйықтап жатқан отандық тележүргізуші жұртты күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Интернет кеңістігінде танымал тележүргізушінің қатысуымен түсірілген видео тарап кетті. Бейнежазбада Түнгі студия тізгіншісінің қатты ұйықтап жатқаны көрініс тапқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:Instagram/kaz_zhuldyzdar

Фото:Instagram/kaz_zhuldyzdar

Instagram желісіне отандық танымал бағдарламаның жүргізушісі Қайрат Әділгерейдің ұйықтап жатқан видеосы таралған. Ұшақта қорылдап жатқан ер адамды басқа жолаушы өзінің ұялы телефонына түсіріп алған.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны да желіге жүктеген сол адам болса керек.

Әлеуметтік желіге салынған бейнежазба көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлаған. Желі қолданушыларының бір бөлігі күлкіге қарық болып жатса, басқалары видеоның әдейі түсірілгенін айтып әлек.

Кейбірі тіптен, видеоның авторына өз наразылықтарын да білдіріп үлгерген. Көпшілік оған ұйықтап жатқан адамды түсіруге болмайтынын айтқан.

"Сені де осындай ыңғайсыз жағдайға қалдырса қалай болар еді?" , - деп жүргізушіні ұятқа қалдырған видео авторына айтып тастады бір оқырман.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel