RU
Қытайлардың Қазақстанға ағылуы - аңыз: Абаев "қытайлық фобияны" сөз етті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қытайлардың Қазақстанға ағылуы - аңыз: Абаев "қытайлық фобияны" сөз етті

Рассказать Вконтакте

"Ашық диалог" бағдарламасының эфирінде Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақстандық желілерде тарап кеткен синофобия жайлы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Дәурен Абаев. Фото: Atameken Business Channell

Дәурен Абаев. Фото: Atameken Business Channell

Министрмен болған видео-сұхбат оның Facebook парақшасында жарияланған.

Ол Қытай жайлы ақпараттың интернетте тез таралуына әсер ететін үш факторды атап өтті.

"Біріншісі - синофобияның болуы, яғни "қытайлық фобия". Фейкті жасаушылар осындай қадамдарға жүйелі түрде барады. Себебі Қытайға қатысты "кез келген қорқынышты әңгіме" үнемі желі қолданушыларының назарында", - деді министр. Ол мұны екі елдің тарихына терең бойлаған маңызды мәселе деп санады.

"Қытайлық фобиядан" басқа Абаев екі маңызды факторды атап өтті.

"Екінші фактор - біздің азаматтардың орыс яки ағылшын тіліне қарағанда қытай тілін аз меңгергені. Сондықтан бізге видеода не болып жатқаны көп жағдайда түсініксіз болады."
"Үшінші фактор - Қытайды білмеуіміз. Қытайды мүлдем білмейтіндер мен ол елде бір рет болсын болған адамдардың ақпаратты қабылдауы жер мен көктей. Сондықтан көптеген қазақстандықтар тек қауесетпен, қағидалармен өмір сүреді. Қытайлықтардың Қазақстанға ағылуы - аңыз", - деді министр Абаев.

Министр Қазақстанға келмек ойы бар Қытай азаматтарына виза берілмейді деген дауға байланысты өз ойын айтты.

"Қытай азаматтарына виза берілмейді деген сұрақ көтерілмеді, талқыланбады да. Сонымен қатар, Қытай мен Индияның транзитті азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз тәртіп орнады", - деді министр.

Ол барлығының транзитке байлынсты екенін айтты. Көптеген қытайлық пен үндістандық азаматтар Еуропа мен Ресейге саяхаттау үшін әуе қабатымен ұшпай, теміржол көлігімен жүргенді қалайды.

Ал, Қазақстан үлкен ел болғасын, шекара асып өту үшін бір күн аздық етеді.

Елде болу уақыты арасында көп тоқтайтын әуетасымалына да қатысы бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
3
1
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel