Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилия жұлдызы Неймардың жүрегін жаулаған ару кім?

Опубликовано:

Әйгілі футболшы Неймар қыздарын апта сайын ауыстыратын әріптестеріне қарағанда өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ол ұзақ уақыт бойы бразилиялық хас сұлу Бруна Маркезинимен кездесіп жүр. Ғашықтар бірнеше рет айырылысқандарына қарамастан, бәрібір қайта қосылып алуды әдетке айналдырып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: registropop.com.br
Фото: registropop.com.br: UGC

Талай қыздың арманына айналған Неймар өз махаббатына берік болып шықты. Ол өз сүйіктісі Бруна Маркезинимен 2012 жылдан бастап кездесіп жүр. Ғашықтар тіпті бір-біріне арнап махаббат жазбаларын да әлеуметтік желіге жүктеуді әдетке айналдырған секілді.

Фото: registropop.com.br
Фото: registropop.com.br: UGC

Фото: registropop.com.br
Фото: registropop.com.br: UGC

Танымал футболшы Неймардың жүрегінен орын таба білген Бруна 1995 жылы Бразилияда туылған.

Фото: registropop.com.br
Фото: registropop.com.br: UGC

Бойжеткен кішкентай кезінен театр және кино әлеміне жақын болып өсті. Ол түрлі түсірілімдерге түсіп, өз мансабын модель ретінде бастаған.

Кейіннен фильмдерге шақыртулар ала бастаған Бруна өзін кино саласында байқап көруге ниеттенеді. Ойлағаны іске асып Маркезини тегі бразилиялық телехикаяларда жиі көрініс таба бастайды.

Өзін модель әрі актриса ретінде танытып үлгерген бойжеткен бос уақытында фитнеспен айналысуды жақсы көреді. Оны арудың сымбатты денесі дәлелдейдә. Брунаның мінсіз мүсінініне ерлер ғашық болып жтса, қыздар қауымы қызғанышпен қарайды.

Футболшының сүйіктісі болған соң, Бруна Маркезини ойындарды тамашалауға жиі барып тұрады. Ол Неймардың матчтарын жіберіп алмауға барынша тырысады. Тіпті, ойындары басқа құрлықта болса да Бруна оған да уақыт табады.

Фото: registropop.com.br
Фото: registropop.com.br: UGC

Фото: registropop.com.br
Фото: registropop.com.br: UGC

Қазіргі таңда ғашықтар екі мемлекетте өмір сүруде. Неймар жұмыс бабы бойынша Парижде болса, Брунаның кино мансабы Бразилияда. Алайда арақашықтық бұл ғашықтарға кедергі емес.

Бруна Маркезини Неймардың ұлымен де жақсы тіл табысып кеткен. Олар бір ұйыған отбасы іспетті. Жақын арада тіпті, ғашықтардың әлем чемпионатынан кейін заңды түрде некелесуі мүмкін деген ақпараттар шыққан болатын.

Фото: registropop.com.br
Фото: registropop.com.br: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1737953-brazilia-zldyzy-nejmardy-zregin-zaulagan-aru-kim/

pixel