RU
Күйеуге шығу үшін емшіге жүгінген қазақ қызы түні бойы жылайтынын айтуда
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуге шығу үшін емшіге жүгінген қазақ қызы түні бойы жылайтынын айтуда

Рассказать Вконтакте

Жасы келсе де тұрмысқа шыға алмай жүрген бойжеткен өзінің жан сырымен бөлісті. Жақсы жігіттер кездескенімен, өзімен араласпай қоятынын айтып, мұңын шаққан ару, тіпті емшіге оқытылып та алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: newsgoroskop.ru

Фото: newsgoroskop.ru

Мұғалім болып жұмыс істейтін ару, үйіндегілердің "Тұрмысқа қашан шығасың?" деген сұрағынан мезі болған.

"Мұғалім болып жұмыс істеймін. Табысым да жақсы. Үйдегілер күйеуге шық деп қоймай жатыр. Бірақ жігіттен жолым болған емес.

Неге екенін өзім де түсінбеймін. Есімді білгелі осы жағдай үнемі қайталанады. Танысқан жігітім бір-екі кездесуден соң тайып тұрады.

Дипломым бар. Бойым ұзын, сымбатым да көз қызығарлықтай. Жақсы отбасынан шыққанмын. Жұмысым да бар. Осы нәрсе қайталана берген соң, емшіге барып оқытылып та алдым. Басқа не істерімді білмеймін. Түнде осыны ойлап жылап та аламын", - деді мұңын шаққан бойжеткен Instagram парақшасы арқылы.

Ал сіз оқытылып тұрмысқа шығу дегенге сенесіз бе? Сүйіктіңізді қалай жолықтырдыңыз?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
15
1
4
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel