RU
Шудағы апат: Скляр пойыз машинисінің ұсталуы жайлы ақпаратты жоққа шығарды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Шудағы апат: Скляр пойыз машинисінің ұсталуы жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Инвестиция мен даму министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шуда сегіз вагоны рельстен шығып кеткен "Астана-Бәйтерек" пойыз машинисінің ұсталғаны жайлы ақпараттан хабарсыз екенін айтты. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: 24.kz / YouTube

Коллаж: NUR.KZ. Фото: 24.kz / YouTube

"Ешкімді ұстамады, сондықтан біз сол жаққа бәрін зерттеу мақсатында Көлік комитетінің өкілін жібердік. Ұсталғаны туралы мен естімедім", - деді Скляр журналистерге берген сұхбатында.

Журналистер бірінші вице-министрден болған апат үшін "Қазақстан теміржолы" басқармасы қандай да бір жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде сұрады.

"Барлығы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шығады. Сол кезде бәрін білетін боламыз", - деп тіл қатты ол.

Роман Скляр NUR.KZ тілшісінің пойыз машинисінің зерттеу қорытындысы негізінде жауапқа тартылып кетіп-кетпейтіндігі жөніндегі сұрағына жауап берді.

"Осы мәселеге баспасөз осындай назар аударып отырғанда - менің ойымша, кінәлі адамды ешкім іздемейтін секілді", - деді Скляр.

Министрдің бірінші орынбасары 17 күні вагондардың рельстерден жөнсіз шығып кеткені жайлы айтты.

"Бұл жағдай тікелей аймақта орын алды, яғни, әдеттегідей бұрылыста емес. Кейін артынан басқа пойыздар жүре бастады. Сол үшін мамандармен бірге зерттеулер жүргізуге тура келді", - деді Скляр.

Рельстердің сапасы мен техникалық жағдайы жайлы сұрақтарға жауап бере отыра Роман Скляр зерттеулер қорытындысын сәл күте тұруға шақырды.

Істен шыққан жолаушылар вагондарының техникалық жағдайына баға бере отырып, Скляр вагон құрамының 2012-2014 жылы шыққанын мәлімдеді.

"Регламент бойынша техникалық жағдайына, жөндеу жұмыстарының арасын созуға болады. 25-30 жыл бойы қалыпты техникалық жағдайымен шыдап береді", - деп қайырды өз сөзін Роман Скляр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel