RU
Сексологтар Қайрат Нұртастың клипіне қызығушылық танытты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сексологтар Қайрат Нұртастың клипіне қызығушылық танытты

Рассказать Вконтакте

Сексология маманы Венера Номад сынға іліккен Қайрат Нұртастың жаңа бейнебаянына қатысты өз пікірімен бөлісті. Ол қазақстандық әншінің батылдығын бағалап, "My Universe" клипінде Қайраттың қыздар қиялындағы ер адам ретінде танылғанын айтты. Бұл туралы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Венера Номад пен Қайрат Нұртас. Фото: ntk.kz/Intsgram

Венера Номад пен Қайрат Нұртас. Фото: ntk.kz/Intsgram

Сексология маманы Венера Номад отандық әншінің жағында екенін айтып, оның шығармашылығына аса жоғары баға берді.

Оның ойынша, қазақстандық ерлер қауымы осындай қадамға тәуекелге бел буып бара алмайды. Оған Қайраттың әні де, бейнебаяны да ұнаған.

"Маған жеке өзіме Қайраттың ерлігі сексуалды әрі нағыз ерлерге тән болып көрінді. Нағыз қазақ жігіті, нағыз көшпенді осындай болуы керек", - деді Венера.

Маман отандық шоу-бизнес сексуалды болғысы келмейді деп шорт кесіп айтты. Барлығы өздерінің "ішкі эротизмінен" қорқады екен.

Алайда Венера адам өз сексуалдығын көрсету үшін міндетті түрде жалаңаштанып алудың қажеті жоқтығын айтады. Бар болғаны отандық "ұятмендердің" сынына ілугуден қорықпау керек.

Венера Қайраттан өзге отандық шоу-бизнес өкілдерінен Бүркітті ерекше атап өтті. Оның ойынша, ол "армандағы нағыз ер адам".

Ал әйелдерден сексолог қазақстандық әнші Мақпал Исабекованы "муза-әйел" деп атап, табиғи сексуалдықты жасырмауға кеңес берді.

"Ол өз эротизмін көрсетсе, көп жерде ұтатын еді", - деп түйіндеді өз сөзін Венера.

Еске салайық, Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбек сынға іліккен Қайратты жақтаған болатын.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel