RU
Қарағанды көшесінен алынған самсадан құрт шықты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды көшесінен алынған самсадан құрт шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды тұрғыны көше бойынан самса аламын деп, құрттаған тағамға тап болған. Ол әлеуметтік желі арқылы көпшілікті дайын тағамдарды алғанда абай болуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Едим Дома

Фото: Едим Дома

"Жесть в Казахстане" әлеуметтік парақшасында жарияланған видеода белгісіз азамат, сапасыз тауарын түсіріп алған.

Ол самсаны қатты ысытқанын, содан соң оны ортасынан бөлгенін айтады. Ал самсаның етіне үңілгенде, шошып кеткенін де жасырмады.

Видеодан тағам ішіндегі құртты анық байқауға болады.

Мұны көрген желі қолданушылары "Көшеден тамақтануға болмайтыны осыдан ғой", "Неше түрлі ауру жұқтырасың сосын", "Одан да үйде дайындап жеген әлдеқайда артық", "Масқара, мынаны арнайы орындарға тапсыру керек", "Қанша адамды ауру қылған шығар" деп наразылықтарын білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
1
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel