RU
Атышулы емші Қыдыр ата туған күнінде жас қыздармен билей жөнелді (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы емші Қыдыр ата туған күнінде жас қыздармен билей жөнелді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік емші Жанарыс Жақсылықұлы тағы да әлеуметтік желіні шулатты. «Қыдыр атаның сүйікті ұлымын» деп жар салған «әулие» емделушілерімен бірге туған күнін тойлаған. Қыдыр атаның Instagram парақшасында емші жартылай жалаңаш қара нәсілді қызбен көпшіліктің алдына билеп шықты. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Видеоға пікір қалдырушылар «бұл атаның энергиясы» деп алғыс жаудыруда.

Жанарыс Жақсылықұлының туған күні қаланың ескі бөлігіндегі ем жүргізетін үйінің алдында аталып өткен. Емделушілер құшақ-құшақ гүлдерін әкеліп, әншілер ода жырларын арнауда. Қыдыр атаны туған күнімен құттықтағандардың қатарында әнші Жанар Айжанова да жүр.

«Сондай әп-әдемі жүзінен мейірім төгіліп тұрған атамыздың, осы отырған жиналған қауымның, келе алмай арманда болып жатқандардың барлығы осы шаңырақтың жүрегі аппақ нағыз достары деп ойлаймын. Атамыздың достарының атынан Оралхан Көшеровтың «Достарым» әнін орындап беруді рұқсат етіңіздер,-деді Жанар Айжанова.

Емші үйінің суретін парақшасына «Көк тәңірдің өзі жіберген бізге сыйы», «жұмбақ адам», «тәтті жан», «халқының сүйіктісі», «армандар орындалатын жер» деп салған.

Instagram парақшасына жүктелген видео, фотолар әртүрлі уақытпен салынған. Парақшаны жүргізуші өткен туған күндегі естеліктерді жүктеуі де мүмкін.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
35
9
9
3
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel