Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дуаны қалай қайтаруға болады

Опубликовано:

Дуаны қалай қайтаруға болады
Дуаны қалай қайтаруға болады: Pixabay.com

Дуалау барлық дәстүрлі діндер мен пұтқа табынатын тағы тайпаларда кездесетін жайт. Ол бір ғана мақсатпен жасалады: өз мүддесі үшін өзгелерге залал тигізу. Сондықтан дуалау мен сиқыр дәстүрлі діндердің бәрінде ауыр күнә саналады деп хабарлайды akikat.o1.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қасиетті Құранда сиқырды Бабыл қаласының тұрғындарына екі періштенің үйреткені, бірақ адамдардың кейін келе оны теріс мақсатта қолданып кеткендігі жайында аяттар бар. Осы тұрғыда дуа деген не және оны қалай қайтаруға болады деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Дуа қалай жасалады?

Қазақтар «дуақант» деп атайтын дуа жасаушылар ел арасында бұрыннан болған. Ондай адамдар әдетте намаз оқымайды, ақша үшін кім көрінгеннің өзгелерге залалын тигізетін жаман әрекеттеріне жол ашатын дуа жасап, сонымен күн көреді.

Дуадан қалай сақтануға болады?

Егер сіз біреулерден дуа жасауы мүмкін деп күдіктенсеңіз, ол адамнан аулақтау жүруге, араласпауға тырысқаныңыз жөн. Үйіне барып қолынан тамақ, сусын ішпеңіз. Киіміңізді, төсек-орныңызды әредік қарап, тексеріп отырғанның артықтығы жоқ.

Дуалаудан сақтанудың ең сенімді әдісі – шариғат жолымен жүріп, имандылықты серік ету.

«Құдайдың еркінсіз қурайдың басы да қимылдамайды» деген сөз бар. Бәрі Алланың еркімен болады. Егер сіз дін жолымен жүріп, бес парызыңызды дұрыс орындасаңыз, онда Алланың сізді пәле-жаладан сақтайтыны анық. «Аққа құдай жақ» дейді қазақ. Иманды адамға пәле-жала жуымайды.

Сондықтан, дуалау деп аталатын кесапаттан аман болғыңыз келсе, ең алдымен Аллаға жүзіңізді бұрып, имандылықты серік етіңіз.

Дуа жайлы ғалымдар не дейді?

Кез келген ғылымдағы сияқты тылсым күштер де зерттеуді қажет етеді.

Мәселен, белгілі зерттеушілер Александр Морок пен Ксения Разумовскаянын "Привороты и отвороты" атты еңбегінде практикалық магия жасау арқылы адамның ішкі сезімін басқару мүмкін деп жазылған.

Сол сияқты аталған кітапта Үндістанда көп жылдық жаттығулар арқылы бойында гиперфизикалық күш-қуаты бар адамдар өмір сүретіні жайлы жазылған. Мұндай үндістандық тұрғындарды "факир" деп атайды.

Бір қызығы, бұл адамдар түсінуге қиын, кейде тіпті тылсым күш болып көрінетін көптеген іс-әрекетті жасай алады. Мәселен факирдың алдында бір жарым метр қашықтық шамасында ішінде кез келген өсімдіктің тұқымы топыраққа салынған құты тұрады. Факир құтыға қарап, түр-әлпетін өзгертіп, оған қарай қолын соза бастайды. Ол каталептикалық күйге түсіп, оның дене температурасы төмендей бастайды.

Көп ұзамай құтыдағы тұқым өзегін жарып, одан өсімдік өсе бастайды. Ал бар болғаны үш-төрт сағаттың ішінде әлгі өсімдіктің жапырақтары шығып, гүлдей бастайды, кейде тіпті соңында өсімдік өз жемісін бере бастайды.

Дуаны қалай қайтаруға болады
Дуаны қалай қайтаруға болады: pixabay.com

Мұны шын өмірде қалай түсіндіруге болады?

Факир өзінің күш-жігерінің арқасында, өз ағзасының бар күшін өсімдікке жұмсап, кейін қайтадан өз қалпына келе алды.

Зерттеушілердің айтуынша, бұдан адамның күш-жігерін кез келген мақсатта жұмсап, кейде тіпті оның ішкі жан дүниесіне де әсер етуге болады екен. Демек дуа сияқты магия жасайтын адамдар бар және мұндай адамдар өздерінің бойындағы осы күш-қайратын тек жақсы жаққа жұмсауы тиіс. Яғни бұл күшпен басқара білу де адамнан үлкен білім мен ізденісті қажет етеді.

Дуаны қалай қайтаруға болады?

Көптеген дінтанушы мен ғалымдар да сиқырдың бар екенін мойындайды. Кей деректерде тіпті Мұса пайғамбардың заманында сиқыршылар пайда болып, көбейген деген дерек бар. Сол сияқты дуаның екі түрі - жақсы және жаман түрі бар деген ақпарат кеңінен таралған. Оның ішінде жаман дуа ерлі-зайыптылардың арасына түсіп, ажыратып жатса, кейде дәулетті адамды кенеттен бәрінен айырып, берекесін қашырады екен.

Имамдардың сөзінше мұндай дерек "Бахара" сүресінде кездеседі екен. Сонымен бірге имамдар ұйып отырған отбасыға іріткі салу - шайтанның ең жақсы көретін амалы екенін алға тартады. Сол себепті олар адамдарды әрқашан дұғада болып, намаз оқуға шақырады. Олардың пайымдауынша, тек Құран аяттары ғана дуаның бетін қайтарады екен.

Дуаға сену, сенбеу тек әр адамның өзіне тиесілі құқығы, десе де одан сақтанып, оның алдын алу керектігін де ұмытпаған абзал.

Назар аударыңыз! Материалда жазылған деректер тек ақпараттық-танымдық мақсатта ұсынылып отыр! Аталған тақырыпқа қатысты барлық сұрақтарды осы саланың мамандарынан сұраған жөн!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1738007-duany-kalaj-kajtaruga-bolady/

pixel