Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі емші Қыдыр атаны құттықтау үшін Жанар Айжанованың өзі келді (видео)

Опубликовано:

Атышулы ақтөбелік емші Жанарыс Жақсылықұлының туған күніндегі "ерекше сәттер" әлеуметтік желіде тарап кетті. «Тәңірдің өзі бізге жіберген сыйы» деп халқы мойындаған емші меншікті мерекесін танымал әнші-биші, музыканттар мен емделушілер ортасында тойлады. Шараға эстрада жұлдызы Жанар Айжанова да қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Жанар Айжанова емшіге ақ тілегін жаудырып, хит әндерінің бірін орындап, халықтың қошеметіне бөленді.

«Сондай әп-әдемі, жүзінен мейірім төгіліп тұрған атамыздың, осы отырған жиналған қауымның, келе алмай арманда болып жатқандардың барлығы осы шаңырақтың жүрегі аппақ нағыз достары деп ойлаймын. Атамыздың достарының атынан Оралхан Көшеровтың «Достарым» әнін орындап беруді рұқсат етіңіздер, -деді Жанар Айжанова.

Видеода көрінгендей, туған күнге жиналған халықтың қарасы қалың. Құшақ-құшақ гүл шоқтарымен, ақ тілегімен келген халық үй алаңында билеп, көңіл көтеріп тұр.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738023-jgili-emsi-kydyr-atany-kttyktau-sin-zanar-ajzanovany-zi-keldi-video/

pixel