RU
Әблязов өзінің "тылсым күштермен" тілдескенін ашып айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Әблязов өзінің "тылсым күштермен" тілдескенін ашып айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Мұхтар Әблязов өзінің экстремистік әрекеттері бойынша сыбайласына сұхбат беріп, өзінің тылсым күштермен араласқанын ашық айтқан деп жазады NUR.KZ.

Фото Sputnik.kz

Фото Sputnik.kz

Әблязовпен сұхбатты алаяқтық бойынша сотталып, баласы туылғаннан кейін жазасын өтеу мерзімін кейінге шегерген Жанар Ахметова жүргізді. Әйел Алматыдағы пробациялық бақылаудан Киевке қашып, экс-банкирге қызмет еткен.

Ол Әблязовтан "қашып жүріп, мінәжат жасау қаншалықты қиынға соғады?" деп сұрады. Себебі өзінде осындай қолайсыздықтар кесірінен біраз қиындықтар туындайды екен.

Ал қашқын банкир өзінің құлшылық жасамайтын, атеист екенін айтты. Осыған қарамастан, бірнеше рет тылсым күштермен тілдесіп көріпті.

"Мен мінәжат жасамаймын. Алайда бір кездері тылсым күштермен анық сөйлестім. Шын мәнінде мен біреумен тілдесіп, өзімді қызықтырған сұрақтарға жауап алдым", - дейді Әблязов.

Сіздің реакцияңыз
5
0
2
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel