RU
Қатты қобалжыған ресейлік жанкүйер мерзімінен бұрын босанып қалды
Жаңалықтар

Қатты қобалжыған ресейлік жанкүйер мерзімінен бұрын босанып қалды

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты қызықты матчтарға ғана емес, қызықты оқиғаларға да толы. Жақында Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы кездесу кезінде қатты қобалжыған жүкті әйел уақытынан бұрын босанды.

Ресей құрамасы. Фото: Спорт-экпресс

Ресей құрамасы. Фото: Спорт-экпресс

Бұл туралы ren.tv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Қуанышты жағдай Краснодар аймағында болған. Ресейдің чемпионаттағы алғашқы матчын қатты уайымдаған келіншек жүктіліктің 36 аптасында босанып қалды.

Ата-ана жаңа туған сәбиін футболшы Александр Головиннің құрметіне Александр деп атады.

Аймақтағы денсаулық сақтау саласының басшысы футболдың тұрғындар көңіл-күйіне жақсы әсер ететінін айтқан. Мәселен, Ресей құрамасы ойнаған сәтте жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны үш есеге қысқарыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel