Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түймебаевтың туған ауылында өткен тойдан соң тамақты далаға лақтырып тастаған (фото)

Опубликовано:

ОҚО әкімі өзінің туған жерінде өткізген дүбірлі тойдан соң жұртшылыққа жайылға дастархандағы ас-ауқат босқа ысырап болды. Қалдық тамақтың барлығы жақын маңдағы өзен аумағына төгілген деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды
Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды: UGC

Тойдан қалған ас-ауқат қалдықтарының шашылып жатқан көрінісін шымкенттік журналист Әлия Ортаев өзінің желі парақшасында бөлісті.

Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды
Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды: UGC

"Қымызмұрындық шарасы биыл Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев пен өңір басшысының орынбасары Ұласбек Сәдібеков мырзаның кіндік қаны тамған жер Бәйдібек ауданында өтті. Дүбірлі думан жоғары деңгейде аталды. Дегенмен, күні кеше шара соңында қалған қалдықтарды көріп айран асыр болдық. Аста-төк жиын соңында қалған тамақ қалдықтары мен ас атасы нан демалыс аймағы саналатын өзен бойында шашылып жатыр.

Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды
Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды: UGC

Күні кеше түсірілген фото біз үшін аудан әкімінің енжарлығы мен ауылдық округ әкімінің бейғамдығын байқатып тұрғандай... Шарадан шаршаса да, асты аяқ асты етіп тастап қоюға болмайтынын бұларға бәлкім облыс деңгейіндегі билік түсіндірер", - деп жазды журналист.

Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды
Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды: UGC

Жазба авторы желіде жария еткен фотолардан қымыз ішу шарасына келген қонақтардан ас-ауқаттан бөлек, спирттік ішімдіктердің бос бөтелкелері де шашылып қалғанын байқауға болады.

Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды
Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды: UGC

Ал Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қадыржан Әбенов бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр.

"Оның бәрі өтірік, тазаланып қойған. "Қымызмұрындық" фестивалі біткен соң басшылардың барлығы жүрдік, сол күні және ертеңіне толығымен тазалап қойдық. Әлеуметтік желіде сондай ақпарат шыққан соң шошып кетіп, қайта барып келдім. Тап-таза барлығы",- деді баспасөз хатшысы.

Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды
Фото: Әлия Ортаеваның Facebook парақшасынан алынды: UGC

Еске сала кетсек, қымыз ішу рәсімін қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған "Қымызмұрындық" фестивалі биыл ОҚО әкімінің туған жері Бәйдібек ауданындағы Бөген өзені аумағында аталып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738059-tjmebaevty-tugan-auylynda-tken-tojdan-so-tamakty-dalaga-laktyryp-tastagan-foto/

pixel