RU
Танымал футболшының пәтерінен жанкүйердің өлі денесі табылды
Жаңалықтар Спорт

Танымал футболшының пәтерінен жанкүйердің өлі денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Мәскеулік "Локомотивтің" грузиялық қорғаушысы Соломон Кверквелияның пәтерінен ер адамның денесі табылды. Марқұмның жанкүйерлік төл-құжатынан оның грузиялық Ромео Копалиани есімді азамат екені анықталған деп хабарлайды cosmo.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Соломон Кверквелия. Фото: realnoevremya.ru

Соломон Кверквелия. Фото: realnoevremya.ru

Футболшының пәтерінен табылған жігіттің денесінен екпе іздері мен шприцтер табылған. Өлімнің алдын-ала болжамы есірткіні артық мөлшерде қолдану.

Бұл жаңалықты БАҚ арқылы естіген Соломон Кверквелия тіпті есеңгіреп қалған.

"Бұл пәтерде алты айдан бері тұрмаймын. Оны досыма бергенмін. Осы жарты жылда бірде-бір рет ол пәтерде болмаппын. Қайтыс болған менің досым емес. Ал мен пәтерді берген адам оның жақын досы болатын", - дейді Соломон Кверквелия.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel