RU
Шымкент республикалық маңызы бар қала атанды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Шымкент республикалық маңызы бар қала атанды

Рассказать Вконтакте

Елімізде бүгіннен бастап Оңтүстік Қазақстан енді ресми түрде Түркістан облысы деп аталады. Ал миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент енді үшінші дербес шаһар статусын иемденді деп хабарлайды КТК арнасы.

Шымкент. Фото: kp.kz

Шымкент. Фото: kp.kz

Облыс орталығының Түркістанға ауысарын және Шымкенттің дербес қала атанарын тұрғындар күтіп-ақ жүрген.

"Бұдан- былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Бұл әкімшілік аумақтық құрылымға өзгеріс енгізу арқылы осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат боп саналады.

Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ. Ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі. Қазақ хандығының ордасы болған әрі рухани тағылымы мол тарихи мекен. 20-шы ғасырдың басында қазақтың біртуар азаматтарының ел мүддесі үшін жүргізілген күресі де Түркістан атауымен тығыз байланысты болғанын білеміз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал Шымкент енді еліміздегі республикалық маңызы бар ресми үшінші қала атанды. Мегаполистің көліктеріне берілетін мемлекеттік нөмірі де өзгерді. Бұған дейінгі 13 нөмірінің орнына енді Шымкент қаласы 17-ші аймақ аталатын болды.

Күнгейдегі кәсіпорындардың 60 пайызы шоғырланған алып шаһар енді қарқынды дамып, бүкіл аймақтың локомотивіне айналуы қажет.

Ал үкімет пен өзге де мемлекеттік органдар бір ай мерзімде Жарлықты іске асыру жөнінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлеп бекітуі тиіс. Әзірге Шымкентте отырған облыстық мекемелер енді Түркістаннан орын даярлап, көшуі тиіс.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
2
0
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel