RU
«7-20-25»: Алғашқы несие шілде айынан бастап берілетін болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

«7-20-25»: Алғашқы несие шілде айынан бастап берілетін болды

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын бекітті. Жоспар өзгеріп кетпесе, ол келесі айдан бастап іске асуы тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Үй. Көрнекі фото: Испания по-русски

Үй. Көрнекі фото: Испания по-русски

Ал жарнамасы жер жарып тұрған мемлекеттік бағдарламаны жаңадан құрылған «Баспана» ипотекалық компаниясы жүргізеді.

Оған алғашқы капитал ретінде зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінген. Кейін қор нарығынан бағалы қағаздар нарығы арқылы триллион теңгеге дейін ақша тартып, ол екінші деңгейлі банктерге үлестіріледі.

Нәтижесінде ол ақшаны тұрғындар несие қылып алып, үй сатып алады. Бағдарламаға баспанасы жоқ кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Тек тұрақты табысы болуы керек.

Ал саудаға жаңадан салынған үйлер ғана түседі. Баспана иеленудің тәртібі келесідегідей: алдымен 20 пайыз бастапқы жарнасын құяды да қалған бөлігін 25 жылға дейін 7 пайыздық үстемемен төлей алады.

Несиеге берілетін үйлер қалтаға қолайлы болуы үшін әр аймаққа шекті мөлшер енгізілген. Мәселен, Астана, Ақтау, Алматы және Атырау қалаларында үй бағасы 25 миллион теңгеден аспауы керек.

Басқа өңірлер үшін ең жоғарғы құн 15 миллион теңге деп белгіленген.

"Бағдарламаны шамамен шілде айында іске қосамыз деген ойымыз бар. Өйткені қатысушы банктермен келісімшарттарды рәсімдеп болып қалдық. Сонымен бірге, заңға қажетті толықтыруларды бекітіп алуымыз керек", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
1
4
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel