Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Ресей Мысырды жеңіп, тарихта алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты

Опубликовано:

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының "А" тобындағы кезекті ойынында Ресей құрамасы Мысыр футболшыларын жеңіп, алғаш болып әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости: UGC

Кездесу алаң иелерінің жылдам шабуылдарымен басталса да, ойындағы 4 гол да екінші таймда соғылған.

Ойында негізгі құрамға шығуы белгісіз болған Роман Зобнин 47-минутта Мысырдың капитаны Ахмед Фатхиді қателесуге мәжбүр етті. Ресейліктің соққысына қайтаруға ұмтылған Фатхи допты өз қақпасына теуіп кіргізіп алған.

Ал ойынның 59 минутта Денис Черышев әлем чемпионатындағы үшінші голын соғып. Криштиану Роналдумен теңесті.

Араға 3 минут сала Артем Дзюба есепті 3:0-ге жеткізді.

73 минутта Ресей ойыншысы Р.Зобнин өз айып алаңында құрманың жұлдызы Мұхаммед Салахты шалып жығып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Салах айып добынан мүл кетпей, мысырлықтарға бір ұпай сыйылады.

Айта кетейік, екі ойын қорытындысы бойынша Ресей құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Келесі ойынын Уругвайға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738108-c-2018-resej-mysyrdy-zeip-tarihta-algas-ret-plej-off-kezeine-sykty/

pixel