RU
Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл 15-ші рет өтейін деп отырған білім сынағына 102 442 мектеп бітіруші қатысады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ibirzha.kz

Көрнекі фото: ibirzha.kz

Тестілеу шілденің 1-іне дейін жалғасады. Ал бағын сынайтын түлектердің ішінде қазақ тілінен тапсыратындар саны 77 мыңнан асып жығылады. 25 170 үміткер орыс тілін, 46-сы ағылшын тілін таңдаған.

6780 оқушы "Алтын белгімен", 4915 оқушы үздік аттестатпен бітірген. Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, "Алтын белгі" алғандар бұрынғыдай жинаған бал санына қарамастан грантқа түсе бермейді. Тек бал саны бірдей болған жағдайда ғана басымдыққа ие болмақ.

Ал тестілеу өтетін 167 нысанның барлығы дайын тұр. Сонымен қатар, биылғы тест сұрақтарының 50 пайызға жуығы жаңарған.

Айта кетейік, тест қорытындысын "Телеграм" әлеуметтік желісі арқылы білуге болады. Ол үшін тес орталығымен байланысып, жеке кодын көрсетуі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel