RU
Алматыдағы Сайран көліне кеткен азамат екі күннен бері табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы Сайран көліне кеткен азамат екі күннен бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда 28 жастағы жігіт суға кетті. Сайран көліне батқан азаматты кешеден бері құтқарушылар әлі тапқан жоқ. Жақындары болса, оның жанында болған достары құтқарудың орнына қашқандарын айтады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда суға кеткен жігіттің достары оның құтқарудың орнына қашып кеткен

Кадр: КТК арнасы

Сонымен қатар, төтенше жағдай қызметкерлерінің іздеу жұмыстарын атүсті жүргізіп жатқанына қапалы.

Сайрандағы бұл жасанды көл түсуге мүлде жарамсыз. Солай бола тұрғанмен, оны елеп, ескеріп жатқан жұртшылық жоқ. Жаздың ыстық күндері осында келіп, суға түседі.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кеше сағат бестердің шамасында осы аумақта болған.

«Құтқарыңдар!» деген дауысты естігенмен ешкім жетіп үлгермеген. Баласының өлі-тірісін біле алмай көз жасы көл болған ана кешелі көлді айналшықтап кете алмай жүр. Әне-міне перзенті тірі табылар деген көмескі үміті сөнбеген.

1989 жылғы ұлы Нұрлан Тұрлығожа соңғы рет Сайранға жолдасыма барам деп кеткен. Досы дегені қасы болып шықпады ма деген күдік маза берер емес.

"Бір әйелдер көмектеспейміз деп кетіп қалыпты", - дейді Н.Тұрлығожаның анасы Биғайша Маралбаева.

"Екі баланың кім екенін білмейсіз бе?

"Білмейміз, достарына айтсақ, достары Данияр дейді. Сонымен кездесем деп кеткен ғой осы жерге", - дейді анасы.

Көл жұтқан жігітті жедел іздеуге құтқарушыларды шақырған. Бірақ, олар кешкісін су салқын деп көлге түсуден бас тартқан.

"Кешке жақын қараңғы болып кетті біз іздей алмаймыз,су суық деді. Одан таңға дейін біз бар жарығымызбен жүгіріп шықтық. Таңды атырдық", - дейді Н.Тұрлығожаның әпкесі Лаура Тұрлықожа.

Жағалауда суға түскендердің қауіпсіздігін қадағалайтын осы жердің құтқарушылары болса жігіт батқан аумаққа жауапты емес екендіктерін айтады. Сүңгуірлер қазір аумақты сүзіп жатыр. Судың тереңдігі бар-жоғы 3 метр. Әзірге құзырлы органдар бұл жайт бойынша жақ ашпады.

Ал суға батқан жігіттің жақындары бауырлары табылғанша қайтпаймыз дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel