Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында алты жасар бала нәжіс төгілген шұңқырға құлап қайтыс болды

Опубликовано:

Алматы облысындағы Кеметорған ауылында қоқыс пен нәжіс төгілетін шұңқырға алты жастағы бала құлап, қайтыс болды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысында алты жасар бала нәжіс төгілген шұңқырға құлап қайтыс болды
Алматы облысында алты жасар бала нәжіс төгілген шұңқырға құлап қайтыс болды: UGC

Аталған ауылдың тұрғындары жақын маңда орналасқан сүт-тауар фермасы дәл осы шұңқырға қоқыс пен малдардың нәжісін тастайтынын айтып шағымданды. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындары бес жыл бойы шұңқырдағы қоқыстан шығатын жағымсыз иістің зардабын тартып келеді.

Тұрғындардың бірі тіпті бұл шұңқыр бала өліміне де себепші болғанын жеткізді. Айтуынша, мамыр айында оның алты жастағы ұлы дәл осы шұңқырға байқаусызда құлап түскен. Бір өкініштісі, шұңқырға құлаған баланы аман алып қалу мүмкін болмапты.

Алайда ферма басшысы болса, бұл маңда салынған үйлер заңсыз екенін атап өтті. Ферма құрылысы басталған сәтте оның маңайында ешқандай үй болмаған, дейді ол.

Жергілікті әкімдіктегілердің айтуынша, шұңқырға төгілген нәжіс жуық арада жойылатын болады. Алайда егер олардың бұл уәдесі орындалмаса, фермерлер үйлерін тастап кетуге мәжбүр болмақ.

Ал ашынған тұрғындар болса еліміздің Бас прокуратурасына жүгінетіндерін де айтып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1738114-almaty-oblysynda-alty-zasar-bala-nzis-tgilgen-skyrga-klap-kajtys-boldy/

pixel