RU
Сәбиінен құтылғысы келген әйел оны бейіт басына қалдырып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Сәбиінен құтылғысы келген әйел оны бейіт басына қалдырып кетті

Рассказать Вконтакте

Филиппинде екі айлық сәбиінен құтылмақ болған ана оны бейіт басына қараусыз қалдырып кеткен. Нәрестені түн ортасында жалғыз қалдырған әйел өледі деп ойлаған. Алайда сәбидің жылаған дауысын жақын маңдағы адамдар естіп, құтқарып алған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Znews.kz

Фото: Znews.kz

Таңға дейін зират басында жылап жатқан сәбиге аң да құс та тиіспепті.

Баланы құтқарып алған адамдар дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Ақ халаттылар сәбиді ауруханаға жатқызыпты. Екі айлық нәрестенің жағдайы қазір дәрігерлердің бақылауында.

Бұл оқиғадан хабардар болған полиция қызметкерлері дереу іске кірісіп, баланың анасын тапқан. Сәбиінен оңай құтылмақ болған келіншек енді түрмеге тоғытылмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel