Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тоғыз баланың анасы тағы егіз сәбилерді дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде үш күн бұрын Мұстафа мен Аиша есімді егіз баланы өмірге әкелген Әсел Бекмағамбетова кеше перенаталдық орталықтан шықты. 37 жасында 11 баланың анасы атанып үлгерген келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Өзім 19 жасымда тұңғышымды өмірге әкелдім. Алғашқы төрт балам қыз, одан кейін ұл, тағы қыздар, қыздардан кейін тағы ұлды болдым. Әзірге кенжеміз егіз балалар. Алғашында дәрігерге қаралғанымызда сенген жоқпыз. Менің туыстарымда егіздер бар. Дәрігерлердің көмегімен жақсы босандым. Балалардың салмақтары да жақсы 3,5 келі болды. Бірінші ұлым Мұстафаны босандым. Қарындасы Аиша 10 минуттан кейін дүниеге келді. Аттарын әкелері қойды. Бақыт балалы үйге қонады емес пе, балаларымызбен бақыттымыз", - дейді сегіз қыз бен үш ұлдың анасы Әсел Бекмағамбетова.

Көп балалы отбасының отағасы Аманжол мұнай компаниясында қарапайым жұмысшы болып істейді. Отбасының жалғыз асыраушысы да өзі. Ал жұбайы Әсел бала тәрбиесімен айналысып отыр. Екеуі де көп балалы отбасында тәрбиеленген. Егіз ұлы мен қызын бауырына басқан келіншек бақытты отбасы болудың құпиясымен бөлісті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Отбасына түсіністік керек. Ер адам әрдайым жоғары тұруға тиіс. Әйел кішіпейілділігін көрсетіп, әрдайым өзін екінші орында ұстау керек. Ұрса берсең өзіңде абырой, отбасыңда берекет болмайды. Бірде ол кісі, бірде мен басыламын. Балаларымыздан артық байлығымыз жоқ. Әр баламды өмірге әкелген сайын бақытқа кенелемін. Үлкен балам студент, екіншім оқуға биыл тапсырғалы отыр. Біреуін шақырғанда бәрінің аттарын атап шығамын (күліп).

Арманым балаларымды жеткізіп, абыройлы азамат пен азаматша еткім келеді. Үш бөлмелі үйімізді 2014 жылы ипротекаға алдық. Өткен жылы төлейтін уақытын ұзартып, ақшасын азайттырып алдық. Қазір айына 45 мың теңге төлеп отырмыз. Үйде жұмыс істейтін жалғыз жолдасым", - дейді Әсел Бекмағамбетова.

11 баланың анасы босану орталығынан шыққанда облыс әкімдігінің қызметкерлері сый-сияпатпен күтіп алды. Келіншекке әкімнің құттықтауын табыстап, балалардың туу туралы куәлігі табыс етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738127-aktbede-togyz-balany-anasy-tagy-egiz-sbilerdi-dniege-keldi-foto/

pixel