RU
Жемқорлықпен ұсталған испан королінің күйеубаласы әйелдер түрмесіне тоғытылмақ
Жаңалықтар Әлемде

Жемқорлықпен ұсталған испан королінің күйеубаласы әйелдер түрмесіне тоғытылмақ

Рассказать Вконтакте

Испания королі І Хуан Карлостың күйеубаласы құрылысқа байланысты ауқымды жемқорлық жанжалына қатысы бар болып шықты. Корольдің кіші қызына үйленген Иньяки Урдангарин оқиғада кінәлі болып танылып, 10 жыл бес ай көлемінде бас бостандығынан айырылған. Енді, ол жазасын өтейтін жер көпшілікті қатты таңғалдырды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pbs.twimg.com

Фото: pbs.twimg.com

«Пальма Арена» велодромының құрылысы кезінде мемлекет ақшасын жымқырғаны дәлелденген Иньяки Урдангаринге испаниялық сот 10 жыл бес ай көлеміндегі үкім кесті.

Жергілікті заңдарға сәйкес, сотталушы жазасын өтейтін жерді өз бетімен таңдауға құқылы. Сондықтан, король күйеубаласы өзінің алты жылға жуық уақытын Авмла қала маңындағы әйелдер түрмесінде өткізбек.

Фото: pbs.twimg.com

Фото: pbs.twimg.com

Кезінде гандболдан олимпиада чемпионы болған Иньяки енді кілең әйелдер арасында болады деген сөз емес. Өйткені, әйелдер түрмесінде ерлерге де арналған кішігірім камералар қарастырылған.

Фото: pbs.twimg.com

Фото: pbs.twimg.com

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel