RU
Ақтөбеде зират жанынан салынып жатқан балалар алаңы тұрғындардың ашуына тиді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде зират жанынан салынып жатқан балалар алаңы тұрғындардың ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Өрлеу ауылының тұрғындары шу көтерді. Православ зиратының дәл қасынан құрылысы басталып кеткен спорт алаңы тұрғындардың наразылығын туғызды депп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жергілікті тұрғындар

Жергілікті тұрғындар

"Бұл жерде менің ата-анам, жұбайым, ата-енем, бауырларым мен жалғыз ұлым жерленген. Бұл жиі келетін орындарымның бірі. Айналасын күл-қоқыстан тазартып, арам шөптерін жұламын. Екі ғасырға жуық тарихы бар қорымның қасына демалыс орнын салу дұрыс емес. Ата-бабамыздың рухы жатқан жерге балалар алаңын немесе басқа да сауық-сайран орталығының салынуы миға сыймайды. Ауылда бос жатқан жер жетерлік. Ертең бұл жерде сауда қызады, күндіз балалар түнде жасөспірімдер жиналады. Білгенін істейді. Бұл-дұрыс емес", - дейді Өрлеу ауылының тұрғыны Раиса Бабенко.

Ауыл тұрғындары жергілікті әкімдіктің өздерімен ақылдаспағандарына наразы.

"Біз бұл зиратты өз қаржымызға қоршадық. Әйтсе де бұзақылар есігін жұлып кетті, сындырған жерлерін де жалғадық. Бұл жерден бос бөтелке, түрлі тамақтың қалдығы мен өзге де заттарды табуға болады. Күл-қоқысты өзіміз жинаймыз. Біз балалар спорт алаңының құрылысына қарсы емеспіз. Тек зираттың қасына емес, басқа бір жерге салса жөн болар еді. Неге халықтың пікірімен санаспайды?", - дейді тұрғын Галина Ходарева.

Салынып жатқан балалар алаңы

Салынып жатқан балалар алаңы

Православ зиратынан таяқ тастам жерде №57 мектеп орналасқан. Жергілікті әкімдік мектеп жанына балаларға арналған спорт алаңын салуды өткен жылы жоспарлап қойғанын айтады.

"2017 жылы жергілікті қауымдастықтың шешімімен ол жерге саябақ салынатын болып шешілді. Қалалық жер қатынастар бөлімімен 1 гектарға жуық жер бөлінді. Негізгі мақсат- балалар ойнайтын спорт алаңын тұрғызу. Бейіт жақ бетіне талдар егіп, ол жақты жабу көзделген. Құрылыс жүргізіп жатқан компания ол жерді қоршауды өз міндеттеріне алды. Талдың биіктігі 4 метрге көтеріледі. Спорт алаңы бейіттерді қорлайды деп түсіну орынсыз деп білемін. Себебі қаланың ішінде де қасында адамдар тұрып жатқан зираттар бар. Бейіт пен спорт алаңының арасына 25 метрдей жол қалдырдық", - дейді Алматы ауданы ТКШ бөлімінің басшысы Аманбек Шалабаев.

Салынып жатқан балалар алаңының жалпы құны 2 млн теңге.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel