Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешьюдің" көшірмесі: Кәмшаттың су жаңа әні көпшілікке жақпай қалды (видео)

Опубликовано:

"Star of Asia" фестиваліне ерекшеленіп келген Кәмшат Жолдыбаеваның киімдерін көпшілік ұнатпай қалған болатын. Сол кеште әншінің киген киімі ғана емес, орындаған әні де көрерменнің көңілінен шықпаған деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жолдыбаева. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды
Жолдыбаева. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды: UGC

Фестивальге барған көрермен мен желі қолданушылары Кәмшаттың "Like Баса бер" әнін "Kesh You" тобының "Swala-la-la" әніне ұқсатып жатты.

Жолдыбаеваның айтуынша, Кәмшаттың су жаңа әнінің идеясын ойлап тапқан да Баян Алагөзова екен.

"Бұл идея Баян Мақсатқызында туындады. Оны Бағым ханым жүзеге асырды. Әннің авторлары Baller мен "Алау" тобындағы Ербол", - деді Кәмшат.

Ал желі қолданушылары "Мынау "Kesh You-дің" көшірмесі ғой", "Түсінікті, Бянның идеясы болса", "Жарасса бір жөн. 30-ға келіп, әлі секеңдеп жүрсің. Одан да күйеуге шығып, бала ту" деді ашуланған көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738147-kesudi-ksirmesi-kmsatty-su-zaa-ni-kpsilikke-zakpaj-kaldy-video/

pixel