RU
ҰБТ-ға қатысушы түлек өзімен бірге он телефон алып кірген
Жаңалықтар Қоғам

ҰБТ-ға қатысушы түлек өзімен бірге он телефон алып кірген

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанда оқушылардың білім-білігі сыналатын ұлттық бірыңғай тестілеу басталды деп хабарлайды sputniknews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алау

Фото: Алау

Астана қаласында ҰБТ Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында өтіп жатыр.

Университет алдына мектеп формасын киген ұл-қыздар таңғы сегізден бастап жиналды. Көздерінде үміт пен үрей қатар тұрған түлектер сынақ үшін алаңдаулы.

Арнайы министрлік бекіткен тексерушілер қыздар мен ұлдарды екі бөлек есіктен кіргізді. Түлектердің көбісі телефондарын байқалмайтындай етіп тығып, артық дыбыс шықпайтындай жасырып алған. Ұсталып қалған оқушылар тыққан телефондарын ата-аналарына, ұстаздарына тапсырып жатты.

"Ұялы телефон, шпаргалканың көптігінен түлектерді тексеріп, ішкі кіргізу ұзақ уақытты алды. Бір бала тіпті он ұялы телефонмен ұсталды", — деді ұйымдастырушылар.

Университеттте 13 мектептің түлектері ҰБТ тапсыру мақсатында жасақталған 12 аудиторияда сынақ тапсырып жатыр.

Балаларына қолдау білдіруге келген ата-аналар сырттағы экран арқылы олардың жағдайын онлайн бақылап тұр.

"Экраннан баламды көру мүмкін емес. Тіпті ол отырған аудитория да көрінбейді. Бір мониторда үш-төрт аудиторияны бөліп көрсетеді. Дұрыс ойластырмаған мүлде",- деп ашуланды Астана тұрғыны.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, университет аумағында жедел жәрдем құрамы бар. Ал корпустың ішінде медицина қызметкерлері жүрген көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel