RU
Алматыда ІІІ Евразиялық әйелдер бизнес-форумы болып өтті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ІІІ Евразиялық әйелдер бизнес-форумы болып өтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда 15 маусым күні ІІІ Евразиялық әйелдер бизнес-форумы болып өтті. Форум түрлі кәсіпкер қыз-келіншектердің басын қосты. Кәсіпкер әйелдердің кездесуіне NUR.KZ тілшісі арнайы барып қайтқан болатын.

Алматыда ІІІ Евразиялық әйелдер бизнес-форумы болып өтті

Фото: NUR.KZ

Евразиялық форум барысында отандық кәсіпкер қыздармен қатар, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген өз ісінің майталмандары сөз сөйледі. Кәсіпкерлікті енді ғана қолға алған жастарға өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын да өткізді.

Алматыда ІІІ Евразиялық әйелдер бизнес-форумы болып өтті

Фото: NUR.KZ

Семинарға арнайы қонақ ретінде келген Орталық Азиядағы Американдық университеттің негізін қалаған Қырғызстаннан келген Камила Шаршекеева форумға қатысушыларға жетістік жолының сырын ашты.

Камила ханымның айтуынша бүгінде қырғыз қыздары көздері ашық, көкіректері ояу зиялы әйелдерге айналу үшін барын салуда. Қыздардың көпшілігі жоғарғы оқу орнына түсуді армандап, білім саласына бет бұрып жатыр. Осы уақытқа дейін қыз-келіншектердің көпшілігі шығыс менталиті мен діннің әсерінен білім жолын қуа алмаған.

Алматыда ІІІ Евразиялық әйелдер бизнес-форумы болып өтті

Фото: NUR.KZ

«Мені қатты қуантатын нәрсе, бүгінде қырғыз қыздарының көзі ашылды. Олар қазір менің білімім қаншалықты жақсы болса, болашақ жарымда соншалықты жақсы деген ұстанымды қолдайды», - деп айтты.

Алматыда ІІІ Евразиялық әйелдер бизнес-форумы болып өтті

Фото: NUR.KZ

Сонымен қатар форумға келген әрбір кәсіпкер әйел бизнесте айтарлықтай жетістікке жеткен, көпшілікке танымал әйелдердің кеңестерін тыңдап, ой алмасты.

Олардың қатарында «Крендель» тәттілер зауытының бас директоры Зинаида Пархоменко, дизайнер Айка Алеми, «Нәтиже» компаниясының бас директоры Ерлан Әшім болды. Кәсіпкерлер кездесуіне барлығы 400-ге жуық болашақ бизнес-ханымдар қатысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel