RU
Қуанышы қойнына сыймаған жанкүйер тікелей эфирде журналист қызды сүйіп алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қуанышы қойнына сыймаған жанкүйер тікелей эфирде журналист қызды сүйіп алды

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатынан тікелей эфир арқылы ақпарат таратқан журналист қыз ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бойжеткенді кенеттен шыға қалған футбол жанкүйері келіп сүйіп алған. Оқиға тікелей эфирде болғандықтан журналист өз кәсібилігін көрсетіп, өз жұмысын ары қарай жалғастыра берген деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Әлем чемпионаты талай елдің футболшылары мен жанкүйерлерінен бөлек, дүниежүзілік бұқаралық ақпарат өкілдерін де жинақтаған. Солардың бірі Джульет Гонсалес Теран.

Журналист қыз Мәскеудегі Манежная алаңынан репортаж жасап тұрып басынан ыңғайсыз оқиғаны өткерді. Тікелей қосылым барысында бойжеткенді бейтаныс футбол жанкүйері келіп сүйіп алған. Сүймес бұрын ер адам журналиттің төсін ұстады.

Алайда, тікелей эфирде тұрған Теран өз кәсібилігін көрсетіп түк болмағандай жұмысын жалғастыра берді. Артынан өз әлеуметтік желісіне бойжеткен мынадай жазба қалдырған:

"Мен футболды және оған қатысы бар дүниенің бәрін сүйемін. Бірақ, біз махаббаттың да өз шегі болатынын білуіміз керек. Ешкімде келіп сенің төсіңді болмасын, басқа да дене мүшелеріңді ұстауға құқы жоқ. Қанша эмоцияға беріліп тұрса да" , - деп айтты Теран.

Желі қолданушылары журналист қыздың кәсібилігін ерекше бағалап, жанкүйерді болса тәртіпсіздігі үшін сөгіп тастаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel