Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да дәрігерлер бассүйегі сынып, миына кіріп кеткен балақайды ажалдан арашалап қалды

Опубликовано:

Өскемендегі Ана мен бала орталығының дәрігерлері жантүршігерлік жол апатынан түскен 11 жастағы Риддер тұрғының ажалдан арашалап қалды деп хабарлайды Altaynew басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz: UGC

Басылымның мәліметінше, ағасымен бірге скутермен келе жатқан балақай жол апатына түскен. Бауыры оқиға орнында көз жұмаса, комаға түскен баланың өмірін дәрігерлер құтқарып қалған екен.

Бұл оқиғаны ести сала Ана мен бала орталығының нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі Серік Қизатуллин Өскеменнен Риддерге көлікпен бір жарым сағатта ұшып жеткен. Себебі, мұндай жағдайда әр минут шешуші болып табылады.

"Баланың жағдайы өте ауыр болды – ол комаға түскен. Екі рет жүрегі тоқтап, демі жоғалған. Ең алдымен, оның толық қарап шығып, бассүйегінің сынып, миға кіріп кеткенін анықтадық. Компьютерлік томографтың болмауы қиындық туғызды, өйткені мидың қаншалықты зақымданғанын, бассүйектің ішіндегі қанды ісіктің нақты қай жерде тұрғанын және мидың қай бөлігі жаншылғанын анықтау мүмкін емес еді. Сондықтан барлығын қолмен ұстап, шамалап белгілеуге тура келді. Мұндай жағдайда ота жасауға бола ма, жоқ па деген сұрақ туындайды. Біз тәуекел еттік", - дейді Серік Қизатуллин.

Дәрігерлер көбінесе біраз уақыт күтіп, науқастың күйін бақылайды. Оның себебі – ол ота кезінде жан тапсыруы етуі әбден мүмкін. Бұл жолы баланың өмірі үшін тәуекел етіп күресуге бел буған екен.

"Қолымыздан келді. Миға кіріп тұрған сүйектің сынықтарын қолмен алдық. Ота сәтті өтті. Оны бірден Өскеменге жеткізу өте қауіпті еді. Екі күннен кейін ол өзі дем алып, сөйлей бастағанда бірақ ауыстырылды", - дейді Серік Қизатуллин.

Ауыр апаттан аман қалған баланың жанында қазір анасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738169-sko-da-drigerler-bassjegi-synyp-miyna-kirip-ketken-balakajdy-azaldan-arasalap-kaldy/

pixel