RU
Купальникпен түскен суретін көрсеткісі келмеген Қайраттың әйеліне ел риза болды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Купальникпен түскен суретін көрсеткісі келмеген Қайраттың әйеліне ел риза болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Үнемі халықтың назарынан тыс қалмайтын Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл әрекетіне ел риза болды. Қайрат Нұртастың жұбайы купальникпен түскен суретін желіге жүктей алмайтындығын айтып, халықтың ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің әйелі көл жағалауында түскен әдемі суретін Instagram-дағы парақшасына жүктеген.

"Купальникпен түскенімді сала алмаймын, бірақ хотя бы осылай болсыншы", - деп жазды Жұлдыз.

Гүлзира Айдарбекованың келініне сүйсінген жұрт желіде түрлі жағымды пікірлер қалдырды.

"Дұрыс", "Қандай әдемі!", "Сондай сұлусыз", "Ақылына көркі сай", "Инабатты, ибалы әйел" деп жазып жатты желі оқырмандары.

Оқырмандардың бірі жазбаның астына "Қайрош рұқсат етпей ме?" деп те қалжыңдап, пікір қалдырған.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас отбасымен бірге Түркиядағы Белек мекенінде демалып жатыр. Әнші шұғыл елге оралды, ал оның отбасы Түркияда тағы бір аптаға қалмақ ойда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
4
29
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel