RU
Ауа райы: Алдағы тәуліктерде елімізде күн суытады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Алдағы тәуліктерде елімізде күн суытады

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 21-23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр. Көрнекі фото: md-eksperiment.org

Жаңбыр. Көрнекі фото: md-eksperiment.org

Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік ауданы мен Батыс Сібір арқылы бірінен соң бірі жылжыған атлантикалық циклондар республиканың солтүстік жартысында найзағайлы жаңбырлы салқын ауа райының басымырақ болуына әсер етеді.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын және ылғалды ауа келе бастайды. Сондықтан республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуі, найзағайлы жаңбыр және күшті солтүстік-батыс желі күтіледі.

Республиканың оңтүстік облыстарында 23 маусымға қарай ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, максимальді температура 33-38 градустан 28-35 градусқа дейін төмендейді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel