RU
Сүйгенін бірінші әйелінен "тартып" алған келіншек опық жеп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Сүйгенін бірінші әйелінен "тартып" алған келіншек опық жеп қалды

Рассказать Вконтакте

Сүйгенін қалталы болғаны үшін бірінші әйелінен "тартып" алған келіншек қазір өкінетінін айтты. Бірінші әйелінің жүкті болғанына қарамастан, күйеуін тартып алған қыз бүгінде өзегін өкініш кернейтінін жасырмады деп хабарлайды aqparat.ortalyq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: netrazvodam.ru

Фото: netrazvodam.ru

Бойжеткен "Ойнап жүріп, от басқанын" кеш түсінген.

"Біле тұра біреудің күйеуімен кездестім. Ақшалы адам деп, байлығына қызығып, өзіме қаратудың бəрін жасадым. Солай күйеуге жүз айла мен жүз мың амал пайдаланып шықтым. Күйеуге шығар алдын, бірінші əйелі жүкті екенін білсем де, екеуін ажырастыруға барымды салдым. Ертең –ақ өзім де бала туып, уысымда ұстаймын деп ойладым. Бірақ жағдай мен ойлағандай болмады.Өмірімнің мұңы мен азабы күн сайын көбейе берді-көбейе берді", - дейді өзегін өкініш кернеген келіншек.

Бірінші әйелі нәрестені өмірге алып келген соң, ер адам екінші әйеліне пысқырып та қарамайтын болған.

"Уақыт алға жылжыған сайын күйеуім бұрынғы əйеліне қарай ауа бастады. Араларында бала болғалы менімен үйленгеніне өкінетін секілді көрінеді. Бұрынғы күннен бір белгі қалмады. Жақындасуымыз да сиреді. Кейде…мен артық сияқтымын. Олар үшеуі бақытты сияқты. Мендегі мəселе — күйеуімді қызынан қызғанатын болып барамын. Əрине. Əкеден қызын ажырату дұрыс емес. Өз еркімнен тыс қызғаныш солай", - деген кейіпкер өз қателігін кеш түсінген.

"Бақыт біреудің көз жасымен құралмайтынын кеш түсіндім.О баста отбасылы еркекке жоламауым керек еді. Бір сәттік қана сезім болған ба, күйеуімнің салқындап бара жатқаны жаныма батады. Бүтін отбасы болғым –ақ келген.Бірақ…оның маған деген ықыласы күнен –күнге суымаса, жылитын түрі жоқ. Жұмыстан шығып қызына барады. Қолы босаса, сонымен ойнайды, қыдырады. Ал мен шынымен де артық сияқтымын", - деген жас келіншек тыңдармандардан кеңес сұрады.

Құрметті, оқырман! Сіз кейіпкерге қандай ақыл қосар едіңіз?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
2
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel