RU
Отандық кәсіпкер бала кезіндегі заң бұзушылықтары туралы жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Отандық кәсіпкер бала кезіндегі заң бұзушылықтары туралы жайып салды

Рассказать Вконтакте

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген өз мансабының қалай бастау алғаны туралы бұрын-соңды айтылмаған мәліметтерімен бөлісті. Ол сауда жүру үшін заңға қайшы келген әрекеттер жасағанын көпшіліктен жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: hommes.kz

Фото: hommes.kz

Бұл туралы кәсіпкердің өзі Instagram парақшасы арқылы хабарлаған.

Әлеуметтік желіге жүктеген жазбасында Қайрат Құдайберген өзінің 11 жастан бастап ойыншық саудасымен айналысқанын жайып салды.

13 жасында жас баланың кәсіпкерлігі дами түсіп, ол өз саудасын өткізетін орнын кеңейте түсті.

Кәсіпкер мектеп қабырғасында оқып жүргенде сабақтан шыға салып, өз жұмысына асыға жөнелетін. Оның басты клиенттері ретінде кішкентай балақайлар болған.

Қала ішінде ойыншықтарды сату үшін Қайрат Құдайберген "барахолкаға" арнайы барып, тұтынушылардың көңілінен шығып қалатындайларын таңдап алып жүрді.

Оған қоса, далада немесе базар аумағында сауда жүргізу ол кездері заңсыз болғандықтан, жас кәсіпкер оған қайшы әрекеттер жасап тұрғанын да ашық айтты.

"Біздің кәсібіміз заңға қайшы болғандықтан, тәртіп сақшылармен үнемі келіспеушіліктер болып тұрды. Полицейлер келгенде бірнеше саудагерлерді тиеп бөлімшеге алып кететін. Ал мен сияқты мықты жүгіретіндер ылғи қашып құтылып кетіп жатты", - деп жазған ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel