RU
25 жастағы жігіт анасының үш бірдей көңілдесін жазым етті
Жаңалықтар Әлемде

25 жастағы жігіт анасының үш бірдей көңілдесін жазым етті

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Хабаровск ауданының тұрғыны адам өлтіргені үшін үшінші рет сотталды. Осы жолы сот оны қатаң тәртіптегі колонияға 13 жылға жіберді. Қылмыскер небәрі 25 жаста болған. Бұл туралы rambler.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Вестник шахтера

Көрнекі фото: Вестник шахтера

Соңғы рет өз құрбанын қылмыскер өткен жылдың қараша айында өлтірген. Өгей әкесін әңгімеге шақырып, төбелескен. Жерге құлатқаннан кейін көлемді таспен басын жарған.

"Жігіт бірден берілді - болған жайтты дереу анасына айтқан. Полицияға қылмысты қасақана істегенін және осы әрекетімен анасына өгей әкесінің көрсеткен зорлығынан сақтап қалғысы келгенін айтып берді", - деді Хабаровск ауданының тергеу басқармасы өкілдері.

Бұл - оның қолымен жасалған үшінші қылмысы. 2008 жылы ол бірге тұрып жатқан азаматты өлтіріп, 2012 жылы түрмеден босаған бетте анасының тағы бір көңілдесін жазым еткен.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel