RU
Адам танымастай өзгерген "Хюррем ханымның" аяғы ауыр ма? (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Адам танымастай өзгерген "Хюррем ханымның" аяғы ауыр ма? (фото)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі түрік актрисасы Мерьем Узерли "Ғаламат ғасыр" сериалындағы түсірілімін баяғыда аяқтап қойды. Одан кейін актриса ешқандай фильмдер мен телехикаяларға түспеді. Бірақ оның танымалдылығы күн санап артып келеді. Жанкүйерлер актрисаның парақшасын аңдып, әр жүктеген суретінің астына түрлі пікірлер қалдырады. Бұл туралы ofigenno.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жақында ғана оқырмандар актрисаның пластикалық отаны көп жасатып кеткендігіне алаңдап еді. Бірақ бұл - жай ғана болжам. Өйткені осыған қатысты Мерьем ешқандай пікір айтпады.

Бірер күн бұрын актриса өз парақшасында іші шығып қалғаны көрініп қалған суреттерін жариялады. Оқырмандар Роксолана рөлін сомдаған актрисаны жүкті деп болжам жасауда.

Алайда, желі оқырмандары екіге бөлінді. Бірі Мерьем кішкене салмақ қосты десе, енді бірі оның жүкті екендігі айқын көрініп тұр деп тіл қатты.

Бірақ Мерьемнің өзі бұл ақпаратты әлі растамады. Егер ол шын болып жатса, онда ол - актрисаның екінші баласы болмақ. Ол бұрынғы сүйіктісі, түрік бизнесмені Джан Атештен туған төрт жасар Лараны тәрбиелеп отыр.

Актриса берген сұхбаттарында жаңа қарым-қатынас құруға дайын еместігін айтты.

"Махаббат пен сезім сенен бірдеңе тартып, суырып алудың орнына саған күш-қуат сыйлауы керек. Мен үшін махаббат - бостандық", - деді Мерьем.

Бірақ, кім біледі, бәлкім, актриса өзінің екінші жартысын тауып, оны халыққа көрсеткісі келмей отырған болар.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel