RU
Ақтөбелік келіншекке он миллион теңгеге суррогат ана болуды ұсынған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік келіншекке он миллион теңгеге суррогат ана болуды ұсынған

Рассказать Вконтакте

Күйеуімен ажырасқанына біраз уақыт болған келіншекке он миллион теңгеге суррогат ана болуды ұсынған. Бұл туралы келіншек желіде бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Суррогат ана. Көрнекі фото: Ivona - bigmir)net

Суррогат ана. Көрнекі фото: Ivona - bigmir)net

Ақтөбелік келіншек осыдан біраз уақыт бұрын жолдасымен ажырасып кеткен. Бүгінде бір жастағы баласын жалғыз өзі асырап отыр.

Айтуынша, жақында бір отырыстан кейін оған суррогат ана болуға ұсыныс жасапты.

«Шынымды айтсам баламды өзім асыраймын, үйім жоқ, пәтер жалдап тұрамыз, ал күйеуімнің төлеген алименті ештеңеге жетпейді. Осылай қиналып жүргенше пайдаланып қалайын ба?», - деп жазды ол.

Келіншекке суррогат ана болғаны үшін он миллион теңге ұсынған. Баланы көтергеннен кейін айына жүз мың теңгеден төлеп тұруға уәде берген.

Тұрмыс тапшылығынан шаршаған келіншек желіде оқырмандардан бір шешімге келу үшін ақыл сұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
4
3
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel