RU
Шымкентте жас әйел қарт күйеуін баспанасыз далаға қаңғытып жіберді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жас әйел қарт күйеуін баспанасыз далаға қаңғытып жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте егде жастағы ер адам қиын жағдайға тап болды. Бір күннің ішінде ол баспансыз далада қалды. Арбап алған әйел қариядан өз үйінен бас тартатындығы жөнінде қол қойғызып, құжаттарын алып кеткен. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ТВК арнасы

Фото: ТВК арнасы

Атқарған қызметі үшін берілген екі бөлмелі пәтерден айырылған Михаил Погуляйға ескі бөлмеде тұруға тура келеді. Оның әйелі қылмыскерлермен бірге келісіп алған. Ақшалай премия аласыз деген сылтаумен қарияның бұрынғы бірге тұрған әйелі қағаздарға алдап қол қойғызып алған.

Құжатсыз, баспанасыз қалған қария "Еріктілер клубына" жүгінген. Ерікті Жұмагүл Маймықованың айтуынша, қарт кісінің құжаттарының болмау себебінен олар құқық қорғау органдарына арыз бере алмай отыр екен.

"Ол әлгі әйелді жұбайым деді, бірақ ол бірге тұрған келіншек шығар. Үйін тартып алған. Баспанасыз далада қалды. Құжаты да, ақшасы да жоқ. Біздің еріктілер осында жатқызып, баспана мен киім мәселесін уақытша шешіп берді", - деді Жұмагүл.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel