RU
ОҚО-да қарт әжейді тірідей өз үйінде өртеп жіберген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да қарт әжейді тірідей өз үйінде өртеп жіберген

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да жантүршігерлік қылмыс болды. Түн ортасында белгісіз азамат қарт кейуананың үйіне баса-көктеп кіріп, оны тірідей өртеген деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Кейуана. Фото: NUR.KZ

Кейуана. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сұмдық жағдай Қарабұлақ ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Түн ортасында белгісіз азамат сексеннің сеңгіріне шыққан қарт кейуана Ниязгүл Құрбаналиеваның үйіне баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, үстіне бензин құйып, тірідей өртей бастаған.

Жанұшыра көмек сұраған әжейдің дауысын жанында жатқан немересі алғаш естіп, көмек көрсеткен.

"Оқиға түнгі екілер шамасынла болды. Белгісіз біреу үйіме кіріп, қолындағы пышақпен мені қорқытты. Көзіңді жұм, ашсаң көзіңе пышақ тығып аламын деді. Сөйтіп үстіме бензин құйып, қолындағы сіріңкені тұтатып маған лақтырып жіберді. Отқа тірідей күйгенімде өліп қалатын шығармын деп ойладым", - дейді қарт кісі Ниязгүл Құрбаналиева.

Адам нанғысыз оқиға ағайын-туыс пен көрші-қолаңды аяқтан тік тұрғызған. Өткен жылы да қарт әжейдің басынан дәл осындай жағдай орын алыпты.

Оқыс оқиға орын алған сәтте көпшілік бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған. Сол күні сағаттап күттірген жедел жәрдем жетіп, қарт ананы аурухана әкетіпті.

Алайда өкініштісі сол, жаны қиналған жанға алғашқы көмек көрсетудің орнына, үйлеріңе қайта беріңдер деп кеңес беріпті. Көз жасын көл еткен көпбалалы ана полиция қызметкерлері таңертең келді деп шағымын айтты.

Орын алған оқыс оқиғаны тәртіп сақшылары бақылауға алды. Олар сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ағайын-туыс тілсіз жаудың қасақана қойылғанына сенімді.

Сіздің реакцияңыз
3
1
7
2
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel