RU
Композитор Арман Дүйсеновке күрделі ота жасалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Композитор Арман Дүйсеновке күрделі ота жасалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында қазақстандық композитор Арман Дүйсеновке күрделі ота жасалды. Бұл жайлы жазбаны Арман өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram/arman_duisenov_official

Фото: instagram/arman_duisenov_official

Композитор отаның сәтті аяқталып, сауығуға қарай бет алғанын жазған болатын. Ол жақын арада елге оралып, тыңдармандарымен эфир яки жүзбе-жүз кездесуге асық екенін жасырмады.

"Қолдау көрсеткен қамқоршы ағама, достарыма, дәрігерлерге, отбасыма және ақ тілектерін жолдаған барша отандастарыма, бауырларыма деген алғысым шексіз! Алла Тағала сіздердің маған тілеген жақсылықтарыңызды өздеріңізге, отбасыларыңызға нәсіп етсін! Ешқашан ауырмаңыздар!", - деп жазды Арман өзінің парақшасында.

Сөз соңында композитор өзінің басына түскен қиындығынан хайп іздеушілерді, яғни теріс ақпарат таратқан жандарды сынға алып, оларға да амандық тіледі.

Еске салайық, созылмалы дертке шалдыққан композитор Арман Дүйсенов ота жасату мақсатында Кореяға аттанған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
4
12
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel