RU
Ғабидолла Әбдіраxымов тағы да Шымкент әкімі атанды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ғабидолла Әбдіраxымов тағы да Шымкент әкімі атанды

Рассказать Вконтакте

Ғабидолла Әбдіраxымов Шымкентке әкім болып тағайындалды деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Әбдіраxымов. Фото: YouTube

Әбдіраxымов. Фото: YouTube

Шымкенттің жаңа басшысын қала активіне Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген Әбдіраxымов жұртшылыққа "зың" әкім атымен танымал.

2015 жылдың тамызында Шымкентке әкім болып тағайындалған ол бұл қызметке келе салысымен қаланы адам танымастай өзгертемін деп Қазнет жұлдызы атанды.

Қандай іс-шараға немесе жиындарға бармасын, оның айтқан әрбір сөзі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.

Ғабидолла Әбдіраxымов NUR.KZ порталы жүргізген байқауда оқырмандар дауысының қорытындысы бойынша еліміздің ең сүйкімді әкімі атанды.

Креативті "мэр" болған Әбдіраxымов Шымкент қаласының басшылық қызметінен өткен жылдың қарашасында босады.

Араға 7 ай салып әкімдік "креслоға" қайта отырған Әбдіраxымов Шымкенттің 14-ші әкімі Нұрлан Сауранбаевтың орнын алмастырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
6
24
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel