Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатына келген жапон жанкүйерлері стадиондағы қоқысты жинап кеткен

Опубликовано:

Жапония құрамасы Ресейдегі футболдан әлем чемпионатында топтық кезеңнің бірінші турында Колумбияның ұлттық құрамасын жеңіп кетті. Қуаныштарын қойнына сыйдыра алмаған жапондық жанкүйерлер жеңістің құрметіне өздерінің трибунасындағы қоқысты жинап кетті. Бұл туралы ztb_video-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ресейдің Саранск қаласында өткен матч 2:1 есебімен Жапония құрамасының пайдасына шешілді.

Видеода көрініп тұрғандай, жапондық жанкүйерлер матч аяқталғасын қоқыс пакеттеріне трибунада жатқан бос бөтелкелерді, түрлі қалдықтарды салып, арттарынан жинастырып жатыр.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видеоны көрген оқырмандар түрлі пікірлер қалдырды.

"Қандай тәрбиелі адамдар", "Ұлы халық қой жапондар", "Сондай мәдениетті жандар екен" деген пікірлер жазба астына қалдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738262-lem-cempionatyna-kelgen-zapon-zankjerleri-stadiondagy-kokysty-zinap-ketken/

pixel