RU
"Пәтері болса": Астаналық ару желіде арманындағы азаматқа іздеу салды
Жаңалықтар Қоғам

"Пәтері болса": Астаналық ару желіде арманындағы азаматқа іздеу салды

Рассказать Вконтакте

Астаналық қыздар отбасын құрып, "күйеуге тиюдің" жаңа амалын ойлап тапты. Олар енді әлеуметтік желілерге "күйеу іздеймін" деген хабарландыру салып, көпті таң қалдырып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: psychologies.ru сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото: psychologies.ru сайтынан алынды

"Күйеу іздеймін" деген кезекті жазба Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болған. Жазба авторының айтуынша, бұрын-соңды мұндай хабарландыруды көрмеген ол, оны жариялауды жөн көріпті.

"Қайырлы күн, менің кішігірім өтінішімді орындайсыз деген ойдамын. Айтайын дегенім, күйеу іздеймін. Жасы 38-50 аралығында болса деймін. Арақ ішіп, темекі шекпесе, өзінің жеке пәтері болса тіптен тамаша болатын еді.
Бастысы ұлымды қабылдаса болғаны. Өзіме келер болсам, жақсы жар бола алатыныма, болашақ жарымды сыйлап-құрметтейтініме сенімдімін. Зиянды қылықтарым жоқ, қарапайым, балажан адаммын. Өз жұмысымды да жақсы көремін. Пәтері бар ер адам іздейді деп сөкпеңіздер, бірақ үйім болмаған соң, пәтерден пәтерге көшуден шаршадым.
Ниет білдіретіндер болса, қарсы емеспін, әр пікірді қадағалап отыратын боламын", - деп жазба қалдырған келіншек.

Бір қызығы, аталған жазбадан кейін "Маған да күйеу керек", "Тұрмыс құрғым келеді, қайдасыздар азаматтар?", "Жақсы жігіттерді қайдан табамыз?" деген пікірлер көп болып шықты. Ал кейбір желі қолданушылар болса, жазба авторына бақыт тілеп, "бақыт айтып келмейді, өз адамыңызды міндетті түрде кездестіресіз" деген пікірлерін жаудырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
0
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel