RU
Алматыда жоғалып кеткен жігіттің денесі Сайран көлінен табылды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жоғалып кеткен жігіттің денесі Сайран көлінен табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын достарымен серуендеуге шығып, суға батып кеткен Нұрлан Тұрлығожаның денесі табылды. 28 жастағы жігітті достары қастандықпен өлтірді деген күдік бар деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК арнасы

Фото: КТК арнасы

Қазір Нұрланның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

28 жастағы Нұрлан Тұрлығожа 18 маусым күні досыммен кездесем деп Сайранға кетіпті. Кешкі бестер шамасында суға батып кеткен екен.

Куәгерлердің айтуынша, достары оның суға батқанын көргенімен, қасындағы жігіттер көмектеспей кетіп қалған.

Қазір қаза болған азаматтың туыстары Нұрланның "дос дегені қас" болып шықпады ма деген күдікпен жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel