RU
Тараздық жігіт он жылдан бері азап көрген бауырына бір бүйрегін бөліп берді
Жаңалықтар Қоғам

Тараздық жігіт он жылдан бері азап көрген бауырына бір бүйрегін бөліп берді

Рассказать Вконтакте

Тараздық тұрғын туған інісіне бір бүйрегін бөліп берді. Бауыры үшін батыл қадамға барған азамат Жамбыл өңіріндегі алғашқы донор деп хабарлайды "31 арнаға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pochki2.ru

Фото: pochki2.ru

31 жастағы Ерлан Қуватов он жылдан бері бүйрек ауруының зардабын тартқан. Биылғы жылы оның бүйрегі ісініп, жанары күн өткен сайын сөнуге айналған. Ажалдан арашалап қалудың жалғыз жолы - донор табу еді. Ақыры інісінің мүшкіл халін көрген ағасы өз бүйрегін бауырына бөліп беруге бел буған.

"Үлкен ұлым "Інім қиналғанша, бір-бір бүйрекпен жүрейік" деп айтты. Өзімнің күйеуім жоқ. Осы үш баланы тәрбиелеп отырмын", - дейді науқастың анасы.

Ал дәрігерлер қазір екі азаматтың да жағдайы қалыпты екенін айтып отыр.

"Отырғызылған бүйректің жағдайы жаман емес. Зәр беріп жатыр. Қазір қан тамырларын жалғағаннан кейін бұл бүйрек жұмыс жасап жатыр", - деді Жақсылық Досқалиев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel