Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Португалия құрамасы Марокконы чемпионатпен қош айтыстырды

Опубликовано:

Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында болып өткен Португалия мен Марокко арасындағы ойын 1:0 есебімен аяқталды. Португалиялықтар сапынан соғылған жалғыз голдың авторы қайтадан Криштиану Роналду болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен матчта португалиялықтар өз қарсыластарын жеңіп, марокколықтарға чемпионатты жалғастыруға ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ.

Криштиану Роналду тағы да Португалияның қаһарманына айналды. Шабуылшының ойынның төртінші минутында бағыттаған соққысы қақпаға дәл тиген.

Топтық кезеңде әзірге португалиялықдың еншісінде төрт ұпай болса, марокколықтарда мүлде ұпай жоқ. Осыған орай, енді Марокко құрамасы чемпионаттың плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, Марокко әлем чемпионатына өткендер арасында аса бір ерекше саналған құрамалардың бірі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738318-c-2018-portugalia-kramasy-marokkony-cempionatpen-kos-ajtystyrdy/

pixel