RU
Тоқаев: Назарбаев 2020 жылғы президенттік сайлауға түсетініне сенбеймін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев: Назарбаев 2020 жылғы президенттік сайлауға түсетініне сенбеймін

Рассказать Вконтакте

Қоғам қайраткері және Қазақстан Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді.

Тоқаев

Тоқаев

Сенатордың айтуынша, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 болатын президенттік сайлауға түсетініне сенбейді.

Тоқаев өзінің бұл пікірін Би-би-си арнасының "Hardtalk" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

"Егер шынын айтсам, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы сайлауға түсетініне сенбеймін. Себебі ол өте ақылды, дана адам", - деді Тоқаев.

Сонымен бірге, ол келесі сайлауда өзге де үміткерлердің болуы мүмкін екенін алға тартты.

Сұхбат барысында Тоқаев бұл өзінің жеке пікірі екенін және барлығы елбасының шешіміне байланысты болатынын еске салды.

Бұдан бөлек, Тоқаев 2020 жылы Қазақстанда өтетін президенттік сайлауға өзі де үміткер ретінде қатыспайтынын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
5
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel