RU
16 жыл маған өте ауыр: Атышулы Еркін Ізбасар сотта соңғы сөзін айтты
Жаңалықтар Қоғам

16 жыл маған өте ауыр: Атышулы Еркін Ізбасар сотта соңғы сөзін айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында атышулы Еркін Ізбасар соңғы сөзін айтты. "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі ретінде аталған сотталушы сот төрағасынан көмек сұрады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: diapazon.kz

Фото: diapazon.kz

"Не үшін жапқандарын маған айтқан жоқ. Ештеңе маған көрсеткен жоқ. Бір жылдай ештеңе білмедім. Барлығына менің кінәлі емес екенімді түсінетін уақыт болды. Бұл істе ешқандай кінәм жоқ. Жүзден аса куәгерден жауап алынды. "Мені Еркін қорқытты, кәсібімді тартып алды" деп бір адам айтқан жоқ. Ешқандай адам мені танымайды да, білмейді де. Прокурор маған не үшін 16 жыл сұрап отыр, білмеймін. Бұл өте ауыр, мен үшін өте ауыр", - дейді Еркін Ізбасар.

Сотталушы соңғы сөзінде Алланың атын бірнеше рет аузына алды.

"Мен кінәлі емес екенімді айттым. Әділдік әлі де болады деп ойлаймын. Прокурорды бұрын халықты қорғаушы деп ойлайтын едім. Бірінші Алла, екінші өзіміз куә, шындыққа адамдардың көздері жетті. Маған тапсырыс берген адамдар, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дейді. Бір рет ішпей-жемей кеттім, екінші рет ішпей-жемей, үшінші рет тағы келіп тұр. Мұнда қалай келдім, не үшін келдім білмеймін. Алла асықпайды, түбі көрінеді. Сот мырза, енді сіз адамдардың көз жасына қалмай, істі әлі қарайды деп ойлаймын. Әділдік орнайды. Мен жеңілдік сұрап отырған жоқпын. Маған істемеген затымды шынайы шешіп беруіңізді сұраймын. Аға, маған көмектесіп жіберіңізші. Мені күнде он жігіт көтеріп алып келеді. Мен кінәсізбін", - деді ол.

Сотталушы өзінің жағдайын 1937 жылдардағы саяси оқиғамен салыстырды.

"Қазір 1937 жыл емес, шындық бар емес пе?! Баяғыда сол 37 жылдары адамды қалай қырып кетті деп ойлайтын едім. Осылай екен, қазақтың жауы - қазақ. Бәрін атып, қыру. Құранда да шындық туралы жазылған. Балалар, бауырларым, бұл өмірде шындықты айтыңдар. Мұның бәрі ертең тарих болып қалады.

Бұл іс те бітеді, кетеді. Адамның жанын күйдіреді. Болмаған заттарды мойнымызға қиып салып жатыр. Оның үстіне ұрды, соқты, тепкілеп, лақтырып тастады. Айтатын сөзім көп, ішім толып тұр. Сот аға, бірінші Аллаға, екінші сізге сенемін", - дейді Еркін Ізбасар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
3
24
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel