RU
Испаниялықтар Иран құрамасын жеңіп кетті
Жаңалықтар

Испаниялықтар Иран құрамасын жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

Әлем чемпионатының топтық кездесуі аясында Испания мен Иран арасындағы ойын испаниялықтардың жеңісімен аяқталды. Еуропа өкілінің сапындағы ең қызуқанды шабуылшы Диего Коста 54-ші минутта қарсылас қақпасына гол соқты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Топтық кездесудің екінші айналымында Испания өзінің Иран құрамасынан мықты екенін дәлелдеді. Ойынды бастан-аяқ өз бақылауына алған испаниялықтардың 54-ші минутта ұйымдастырған шабуылы голмен аяқталған.

Кездесу барысында соғылған жалғыз голдың авторы Испания құрамасының ең ашушаң ойыншысы Диего Коста болды.

Испания құрамасы ұпай көрсеткіші бойынша өз тобында Португалиямен бірге көш бастап тұр. Екі құрама да төрт ұпайға ие болған. Үшінші болып жеңіліс тапқан Иран келе жатыр. Бұл құраманың еншісінде - үш ұпай.

Ал марокколықтар болса бұл чемпионатта бірде-бір ұпай жинай алмады. Сол себепті, олар чемпионатты жалғастыру мүмкіндігінен біржолата айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel