RU
Дүкен аралауға келген туристердің үстіне сауда орталығының төбесі құлады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Дүкен аралауға келген туристердің үстіне сауда орталығының төбесі құлады

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хуаинь қаласына саяхаттап келген туристердің үстіне сауда орталығының төбесі құлап, оларды жаншып тастады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Fishki

Фото: Fishki

Қайғылы оқиғадан 9 адам зардап шеккен.

Видеодан эскалатормен төменге түсіп келе жатқан туристер белгісіз дыбысты естіп, қашуға әрекет жасағанын көруге болады.

Алайда олар қашып үлгермеген. Сол сәтте бір топ адамның үстіне сауда үйінің төбесі құлап түскен.

Сауда орталығына келген жергілікті тұрғындар туристерді топырақ астынан шығарып алыпты. Оқиғадан 9 адам зардап шеккенімен, қаза тапқандар жоқ.

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel