RU
Қостанай тұрғыны әйелін өлтіріп, өзі сегізінші қабаттан секіріп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай тұрғыны әйелін өлтіріп, өзі сегізінші қабаттан секіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірінде ер адам әйелін өлтіріп, өзі сегізінші қабаттан секіріп кеткен. Бұл жайт 20 маусым күні күндіз З.Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетінде болды.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Алау сайты хабарлағандай, ер адам әйелінің жұмысына келген. Кабинетіне кіріп, оған пышақ сұққан. Артынша өзі де сегізінші қабаттан секіріп кеткен.

Әйелдің әріптестерінің айтуынша, оқытушының күйеуі келген кезде олардың арасында дау туған.

Бір уақытта ол пышағын шығарып, бірнеше рет әйелінің денесіне сұққан. Бұл әрекетінен соң ол қашып кетпек ниетте сегізінші қабаттан секіріп кеткен.

Ер адам құлағаннан алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды деп хабарлайды "Костанайские новости".

Оқу орда қызметкерлерінің айтуынша, мерт болған әйел 35 жаста болған. Олардың артында үш және он жасар балалар қалды.

Қылмыстың мән-жайы белгісіз. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның себебін анықтауда.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel